№31 Сарыбұлақорта мектебінде Тәуелсіздіктің 27 ж орай «Тәуелсіздік тұғырым» тақырыбында іс-шара өтті. Іс- шараның 1 бөлімі мектептегі салтанатты лездемеден басталды.Лездемеге ауыл ақсақалы Бұзаубаев Қуантай ата, ардагер ұстаз Алтыбай Мықтыбек келіп өздерінің өзекжарды тілектерін арнады. Сонымен қатар мектеп директоры ата-аналарды бала тәрбиесіндегі жетістіктері үшін алғыс хаттармен , оқушыларымызды спорттағы,өнердегі, түрлі олимпиадағы жетістіктері үшін марапаттады. Үлгілі де үздік оқушыларымыз үшін құрмет шеруі болды. Іс-шараның 2 бөлімі ауылдық мәдениет үйінде оқушылардың концертімен жалғасын тапты.