Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

Жадынама.

Автор: admin от 9-12-2019, 04:25, посмотрело: 1

0 Ата - аналарға арналған бейтаныс адамдармен қарым - қатынас жасау жөніндегі.

Жадынама.
Жадынама.

Категория: Ата-аналарға

 

Әкелер - бізде қонақта.

Автор: admin от 27-09-2019, 15:24, посмотрело: 0

0 Рухани жаңғыру" бағыты бойынша ұлттық құндылықтарымызды дамыту мақсатында бастауыш сыныптар аралығында өткен "Әкелер - бізде қонақта!" атты пікірталас.

Әкелер - бізде қонақта.
Әкелер - бізде қонақта.
Әкелер - бізде қонақта.
Әкелер - бізде қонақта.
Әкелер - бізде қонақта.
Әкелер - бізде қонақта.

Категория: Ата-аналарға

 

«Мектепке жол» акциясы

Автор: admin от 2-09-2019, 00:13, посмотрело: 2

0
Республикалық «Мектепке жол» акциясы туралы

Анықтама

Елімізде 1 тамыз бен 31 қыркүйек аралығына Республикалық «Мектепке жол» акциясы басталды. Оның мақсаты әлеуметтік жағдайы төмен, аз қамтылған отбасы балаларына көмек қолын созу, олардың оқуға тартылуына мүмкіндік жасау. Осы мақсатта жалпыға бірдей міндетті оқу Заңын іске асыру үшін арнайы штаб құрылып, ықшамаудандарға жауапты мұғалімдер белгіленді. Ықшамауданды аралаған әрбір мұғалім отбасылардың жағдайына да назар аударып жағдайы төмен отбасыларды есепке алып отырды.
«Мектепке жол» акциясы негізінде аз қамтылған және көп балалы, жартылай жетім отбасынан шыққан 15 оқушыға 32 450 (отыз екі мың төрт жүз елу) теңге көлемінде аудандық бюджеттен жалпы сомасы 486 750 (төрт жүз сексен алты мың жеті жүз елу) теңгеге қаржылай көмек көрсетті .
«Нұр Отан» партиясы мен Аудандық Орталық Сот мектебіміздегі тұл жетім 2 оқушыға мектеп формасын, оқу құралдарын ұсынды.Жалпы соммасы -40 (қырық мың)теңге, екі балаға шаққанда 20 (жиырма мың) теңге.
Сонымен қатар ауылымыздың жеке кәсіпкері Байсмакова Шолпанның демеушілігімен аз қамтылған және көп балалы отбасынан шыққан 5 оқушыға мектеп формасын сыйға тартты.Әр оқушыға 6 000 (алты мың) теңге көлемінде мектеп формасы берілді. Жалпы соммасы - 30 000 (отыз мың)теңгеге көмек көрсетілді.
Сарыбұлақ ауылының мешітінің бас имамы-Серік аға «Мектепке жол»акциясы аясында аз қамтылған және көп балалы отбасынан шыққан 5 оқушыға оқушы сөмкесі мен оқу құралдарын және 3 000 (үш мың)теңге ақшалай берді. Әр оқушыға шаққанда 7 000(жеті мың)теңге. Жалпы соммасы -35 000 (отыз бес мың)теңге көмек көрсетілді.
Сонымен қатар ауылымыздың кәсіпкерлерінің демеушылігімен аз қамтылған, тұл жетімі, жартылай жетім және көп балалы отбасынан шыққан 32 оқушыға көмек берілді, мектеп формасы, спорттық киімдер және оқу құралдары сыйға тартылды.
Соммасы – 300 000(үш жүз мың)теңге.
Демеушілерімізді атап өтетін болсақ.Олар:
1. Алмежанов Сырлыбек
2. Жильцов Владимир
3.Абелдинов Нурлан
4.Бузаубаев Қази
5.Ибраймов Қуат
6.Жапарқалықов Ермек
7. Тайчибеков Марлен
8.Кравцов Владимир
9.Бақтаев Қанат
10.Абдиев Құлжан ағай
11.Дощанов Даулет
12.Бекназаров Али
13.Досаев Мурат
14.Абдиев Жансерік
15.Айтбаев Қасым
16.Елеуов Самат
17.Базарбаева Сауле
18.Мамедов Олег
19.Солтанбеков Бауыржан
20.Ахмет
21.Ракитанская Лида
22.Смайлов Долутбек
23.Абельдинов Рысхан
24.Мырзахметова Ұлжан
25.Баймакашов Сайлау
26. Абенов Мухан
27.Бондарева Алеся
28.Магазин «Байбол»

Демеушілерімізге көмек қолын созуына ұйытқы болып жүрген ауыл азаматы-Койчибаев Берік, қамқоршылық кеңесінің мүшесі-Джаткамбаева Т.П, мектеп тәлімгері-Оспанова Қ.Б.
1 тамыз бен 31 тамыз аралығында мектебімізде әлеуметтік тұрмыстық жағдайы төмен, аз қамтылған 59 оқушыға көмек көрсетілді. Оның ішінде Аудандан бюджет тарапынан көмек көрсетілген -17 оқушы.
Жалпы соммасы - 891 050 (сегіз жүз тоқсан бір мың елу)теңге. Оның ішінде аудандық бюджет - 486 750(төрт жүз сексен алты мың жеті жүз елу )теңге.

Категория: Ата-аналарға

 

Мектеп формасы туралы

Автор: admin от 9-08-2019, 21:31, посмотрело: 1778

114

Мектеп формасы туралы

 

Қазақстан республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 26 бұйрығымен орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасының талаптары бекітілді.

 

Орта білім беру ұйымдарындағы міндетті мектеп формасы оқытудың зайырлылық сипатына сәйкес келуі қажет.

 

Мектеп формасының үлгісі және түсі классикалық үлгігіні ұстанып, бірыңғай түстердің үйлесімді гаммасын, үш түстен артық емес түстерді қосуға болады. Шымқай ашық түстер емес жағымды түстер таңдалады.

 

Мектеп формасы білім алушылардың жас ерекшелігін ескере енгізіледі. Ол күнделікті киетін, мерекелік және спорттық болып бөлінеді.

 

Ер балаларға арналған мектеп формасына: пиджак, желет, шалбар, мерекелік көйлек, күнделікті киетін көйлек (қысқы кезеңге: тоқыма желет, водолазка). Ер балаларға арналған шалбардың ұзындығы тобықты жауып кең пішіледі.

 

Қыз балаларға арналған мектеп формасына: пиджак, желет, белдемше, шалбар, классикалық үлгідегі жейде (қысқы кезеңге: тоқыма желет, сарафан, водолазка). Қыз балаларға арналған шалбардың ұзындығы тобықты жауып кең пішіледі.

 

Ер балаларға арналған мерекелік форма ақ көйлекпен, қыз балалар үшін ақ жейдемен толықтырылған күнделікті киетін формадан тұрады.

 

Ер балаларға және қыз балаларға арналған спорттық формаға: спорттық костюм (спорттық шалбар , футболка), спорттық аяқ киім (кроссовка, кеды) жатады.

 

Мектеп формасының негізгі түсіне немесе кереғар түсіне сәйкес келетін классикалық үлгідегі галстугі болады. Мектеп формасында түрлі конфессиялардың діни киімдерінің элементтері болуына рұқсат берілмейді.

Мектеп формасында орта білім беру ұйымдары ерекшеленетін белгілерін орналастыра алады (эмблема, жапсырма және т.б. ). Олар киімнің жоғары бөлігінде немесе аксессуарында орналасады (пиджак, желет, галстук).

 

Мектеп формасына қойылатын талаптардың ауа райына, оқу сабақтарының өтетін орнына және оқу бөлмесінің температуралық жағдайына байланысты іске асырылуы маңызды. Сонымен қатар, мектеп формасына қойылатын талаптар бойынша зақымдайтын фурнитуралармен киімді және аксессуарларды киюге болмайды.

 

Мектеп формасының матасы ретінде жартылай жүн және құрамы жақсартылған мақтадан жасалған, тозуға төзімді , бактерияға қарсы, антистатик қасиеттері бар маталар қолданылады. Мектеп формасының түстерін, үлгісін және белдемшенің ұзындығын таңдауды орта білім беру ұйымдары анықтайды және қоғамдық кеңеспен, мектептің жалпы ата-аналар жиналысының хаттамасымен бекітеді.

 

 

Мектеп формасы туралы сұрақты талқылауға қатысуға және оны жетілдіруге ұсыныс енгізуге ата-аналардың құқығы бар. Оларға мектеп формасын отандық өндірушілерден сатып алу ұсынылады.

 

Категория: Ата-аналарға

 

Оқушылардың жазғы уақыттағы суға шомылу қаупінен сақтандыру

Автор: admin от 27-04-2019, 22:39, посмотрело: 178

0 Суға түсу кезінде қауіпсіз ережесін сақта!
Жаз мезгілінде өзен, көлдердің жағасында уақыты өткізген жақсы ғой. Жағажайда демалып қоймай, денсаулықтыда нығайтуға болады. Суға шомылу, күнін көзіне қыздырыну адамды сергек етеді және жұмысқа қабілетті артырады. Алайда суға шомылу кезінде қарапайым ережелерді сақтамасақ, бақытсыз жағдайларға тап болуы мүмкін. Суға түсу кезінде көбінесе балалар, ішімдік ішкен адамдар емес, денсаулығы мықты жүзу қабілеттін адамдар да қайырлы жағдайға тап болады. Ал мұндай жағдайларда дер кезінде, тез және дұрыс шешім қабылдау қажет.

Суға шомылу кезінде қарапайы ережелерді сақтай біл:

1.Суға шомылатын арнайы орынды дұрыс таңдай білініз.
2.Суға түсуге болмайтын белгіден аспаныз,тыйым салынған жерлерге шомылманыз және суда жүрген мотарлы кемелерге жақын жүрмніз . Бұл
сіздің өмірінізге қауіпті.
3.Ата-аналар балаларға қамқорлық жасап, суға шомылу кезінде балаларлы қараусыз қалдыриау керек!
4.Ішімдік ішкен жағдайда суға түсуге болмайды!

Құлақтандыру!
2019 ж жазғы уақыттағы суға шомылу адам өміріне қауіп төнуінен сақтандыру барысында:
1.Қақпатас суқоймасы мен Қарақоңыз су қоймалары жалпы және жеке демалатын, шомылатын орын емес екендігі оқушылар мен сынып жетекшілеріне ескертілді.
2.Осы аумақтардағы сақтандыру және ескерту белгілері бар екендігін, демалып,шомылатын орын емес екендігі туралы ата-аналар оқушыларға түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Бұл жауапкершіліктің орындалуын ДТЖО К.У.Алтаеваға жүктеледі.


Категория: Ата-аналарға