9. Кемшіліктер мен ескертулер, оларды шешу жолдары: » СШ №31
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Қордай ауданының білім бөлімінің
"Қайрат Рысқұлбеков атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 2-10-43
Оқу бөлімі:
+7(72636) 2-10-43
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 9. Кемшіліктер мен ескертулер, оларды шешу жолдары:
03
июнь
2025

9. Кемшіліктер мен ескертулер, оларды шешу жолдары:

Кемшіліктер мен ескертулер, оларды шешу жолдары:

Ағымдағы және соңғы жылына талдау нәтижесінде төмендегі кемшіліктер мен ескертулер анықталды:

  1. Авторлық және әдістемелік нұсқаулық дайындаған мұғалімдер үлесінің аз болуы.

Шешу жолы: мектепішілік шығармашылық топтың жұмысын жандандыру. Әдістемелік көмек беру, әр түрлі семинарларға белсенді қатысу.

  1. Дарынды оқушылармен жұмыс нәтижелерінің төмен болуына байланысты облыстық, республикалық олимпиадалар мен ғылыми жоба байқауларындағы жүлделі орындар үлесінің аз болуы.

Шешу жолдары:

Инновациялық жобалармен жұмыс жүргізу. Пән мұғалімдерінің дарынды оқушылармен жоспарлы жүйелі жұмыс ұйымдастыру арқылы  мектепішілік тұжырымдамасын жасап жүйе қалыптастыру.

  1. Педагогтердің сапалық құрамының деңгейі шекті деңгейден төмен болуы.

Шешу жолы:

2024-2025 оқу жылында біліктілік санаттарын арттыруға өтініш берген педагог саны -11, оның ішінде педагог-зерттеуші – 1,  педагог-сарапшы-7, педагог -модератор -3 біліктілік санаттарын алуына жан-жақты жүйелі жұмыс жүргізу.

  1. Исаева Айсулу Мешитбаевна   ағылшын тілі пәні мұғалімі, жас маман сәуір айында қабылданды. Алдағы оқу жылында біліктілікті арттыру курсына жіберіледі. 
  2. Байбекова Гаухар Ержановна  орыс тілі және әдебиеті пәні мұғалімі, жас маман сәуір айында қабылданды. Алдағы оқу жылында біліктілікті арттыру курсына жіберіледі.